СҚО әкімі агробизнеспен айналысатын туысқанына қатысты сұраққа жауап берді

0
206

СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Іс-шара барысында әкімге сол өңірде агробизнеспен айналысатын жақын туыстары туралы сұрақ қойылды деп хабарлады turkystan.kz.

«Солтүстік Қазақстан облысында сіздің жақын туыстарыңыз агробизнеспен айналысады. Облыс әкімі бауырың болса, бастаған ісің сәтті жүрері анық. Сіз бұл жерден мүдделер қайшылығын көріп тұрған жоқсыз ба?»,  – деген сұрақ қойды журналистер әкімге.

«Менің облысқа басшы болғаныма бір жыл болды. Ағам 1995 жылы ауыл шаруашылығымен айналыса бастады, өзі агроном, Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Ауыл шаруашылығын жақсы меңгерген. Сондықтан өз ісімен айналысады, ешқандай қайшылық жоқ. Барлығы заң аясында. Бұған дейін субcидияға қатысты жалған ақпараттар таралған. Бұның бәрін бас прокуратура тексерген. Ол барлығын заң аясында, қолданыстағы субсидиялар шеңберіндегі ережелер бойынша алады. Артық-кем ешкім алмайды. Менің қызметке келуіме байланысты оған жұмыс істеу қиынға соққан болар. Өйткені қазір біз әлеуметтік саламен айналысуға мәжбүрлейміз. Ол бар күш-жігерін салып, жұмыс істеп жүр. Өйткені басқаларға үлгі болуы керек», – деді СҚО әкімі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз