Күн суытып, нөсер жаңбыр жауады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 22-24 маусымға арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.