Қоғам белсендісі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды

0
231

Көкшетауда есірткі затын сақтау күдігімен жергілікті қоғамдық кеңестің мүшесі Мәлік Ахметқалиев ұсталды деп хабарлады Халық үніне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 21 маусымда Көкшетау қаласында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 1983 жылы туған жергілікті тұрғынның ұсталғанын растады.

«Тінту кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат – мефедрон, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі құралы болып табылады (жиынтық кестеге сәйкес). Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (өткізу мақсатынсыз есірткі затын заңсыз қолдану) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сол күні ұсталған адамға наркологиялық тексеру жасалды, экспресс-тест нәтижесі зәрінде каннабиноид бар екенін көрсетіп берді», – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

«Полиция департаменті азаматтар мен БАҚ өкілдерінен шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды және ресми дереккөздерге сенуді сұрайды», – деп қосты ведомстводан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ