Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Қытайда дәмханадағы жарылыстан 31 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысында Нинся-Хуэй ауданында орналасқан Инчуань қаласындағы дәмханада жарылыс болып, 31 адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Агенттіктің хабарлауынша,  Иньчуань қаласындағы дәмханада болған жарылыс салдарынан 31 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, қалғандары әртүрлі дәрежеде күйік алған.

Оқиға сәрсенбі, 21 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 20:40-та болған.

Төтенше жағдайдың алдын ала себебі − газ баллонының жарылуы. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сәйкес жаңалықтар

Токаев поручил разработать новую концепцию развития Ассамблеи.

В Астане открытие Дней культуры Российской Федерации в Республике Казахстан ознаменовалось масштабным гала-концертом мастеров искусств

Рабочий – это современный, высококвалифицированный специалист, владеющий технологиями, востребованный на рынке труда