Қала басшысы 11 тұрғын үй кешенінің проблемасын айтты

0
334
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бірнеше тұрғын үй кешендерін аралап, тұрғындармен кездесті, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі

Кездесуде жиналған халық әкімге құрылысты кешіктіріп жатқан компаниялардың өз ісіне немқұрайлылықпен қарайтынын, «Қазанат-2», «София», «Оазис», «Arai apartaments» тұрғын үй кешендерінің дер кезінде пайдалануға берілмей жатқанын айтты. Қала әкімі тұрғындардың шағымын ескеріп, алдағы уақытта өз ісіне салғырт қараған құрылыс салушылардың ісі сотқа жіберілетінін атап өтті.

Кездесуде бірнеше тұрғын үй кешенінің тұрғындары проблемаларын айтты. Мәселен, «Қазанат-2», «София», «Оазис», «Arai apartaments» тұрғын үй кешендері кесте бойынша көрсетілген уақыттан кешіктіріліп жатыр екен. Құрылыстың құжаттарын рәсімдеуде, қаржыландыруда және басқа да проблемалар бар. Анықталған бұзушылықтар бойынша құрылыс компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол кездесуден кейін.

Сондай-ақ әкім құрылыс компанияларын халықтың тағдырына бей-жай қарамауға шақыратынын айтты.

Егер заңды талаптар орындалмаса әрі бұзушылықтар уақытында шешілмесе, іс сотқа жіберіледі. Материалдар қылмыстық тұрғыда қаралатын болады. Ал нысандар өзге инвесторларға тапсырылады. Осыған ұқсас проблемалар «Сапсан», «Diana», «R-club», «R-club Deluxe», «Әскер 1 және 2», «Ақтау сити» тұрғын үй кешендерінде де бар. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, проблемалы үйлердің құрылысын назарда ұстайтын боламыз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Кездесуге Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз