Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

Қазгидромет ел аумағында 21 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында – қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде антициклонның әсерінен ауа райы — жауын-шашынсыз.

«Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарагаңды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», — деп жазды ведомстводан.

Алматы облысының, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Сәйкес жаңалықтар

«Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию

Житель Усть-Каменогорска требует опровержения после публикации его имени в списке «казахстанских наемников»

zamandas69@mail.ru

Взаимодополняют и совершенствуют друг друга: депутат рассказал о работе Курултая и Народного Совета