Қазақстан қалаларында пәтер жалдау ақысы тағы шарықтады
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу тағы да қымбаттай бастады. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.
27 маусым мен 26 шілдені салыстырғанда, 1 айда баға 4,2% өскен. Өсім 13 қаланың 11-де тіркелген.
Тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына жүргізілген мониторинг нәтижесі мынадай:
- Қостанай, Петропавлда – 10%;
- Алматы, Шымкентте – 7%;
- Ақтауда – 5%;
- Ақтөбеде – 4%;
- Астана, Қарағанды, Оралда – 3%;
- Павлодар, Көкшетаудa 2% артты.
Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайыз төмендеді.
Сұраныс пен жалдау бағасының өсуі шілденің ортасында басталды.
27 шілдедегі тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы мынадай:
- бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
- екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
- үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.