Шымкенттің тұрғыны досын бопсалап, 100 мың доллар талап еткен

0
214
Фото, дереккөз: polisia.kz

Шымкентте полиция қала тұрғынын 10 млн теңгеге бопсалаған азаматты ұстады. Күдікті жігіт жәбірленушіден әлеуметтік желіде фотолар мен видеоларды жарияламау үшін 100 мың АҚШ долларын талап еткен.

Жәбірленуші қаланың Қаратау ауданының полиция бөліміне келгенде өзін бірнеше күннен бері белгісіз адамның әлеуметтік желіде қорқытып, 100 мың доллар талап етіп жатқанын айтқан. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен. Содан кейін жәбірленуші, бопсалаушдан сақтанып, оның сұраған 10 млн теңгесін дорбаға салып, көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Полицейлер күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ұстады. Ол ақшаны алуға келген кезде қылмыс үстінде ұсталды.

Ұсталған адам жәбірленушінің досы болып шықты.

Полицияға белгілі болғандай, досының мас болғанын пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы фотолары мен бейнежазбаларын өзінің телефонына көшіріп алған екен.

Бопсалаушы УҰИ-ға қамалды. Тергеу болып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз