Қазақстандық кәсіпорын басшыларының 4 күндік жұмыс аптасына ауысқысы келмейді

0
193
фото: ашық дереккөз

Еңбек кодексіне тиісті өзгеріс енгеніне 1 ай болғанмен, Қазақстандағы компаниялар 4 күндік жұмыс аптасына көшуге асықпайды.

Осыған байланысты HeadHunter сарапшылары зерттеу жасады. Олар 80-нен астам кәсіпорында сауалнама жүргізген.

Компаниялардың 69%-ы бұл жүйені мүлде қарастырмайтындарын ашық айтса, 3%-ында ғана жұмыс күнін қысқартуға мүмкіндік бар екен.

Алайда компаниялардың 4 күндік жұмыс аптасына көшуінің ауылы алыс. Басшылары ол жүйеге өткен соң өндіріс тоқтап, қызмет көрсету қиындай ма деп қорқады. Сондай-ақ еңбек өнімділігі төмендеп, кәсіпорынның табысы азаяды деп отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз