Қазақстандықтарды Ресей әскерінің қатарына шақырған хабарландырулар шықты

0
389
фото: letsgophotos.ru

Интернетте қазақстандықтарды Ресей әскеріне қызметке шақырған жарнамалар пайда болды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Хабарландыруда келісімшартқа отырғандарға 495 мың рубль (2 млн 400 мың теңгеден астам), сондай-ақ ай сайын кемінде 190 мың рубль (900 мың теңгеден астам) жалақы төленетіні айтылған. Сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның тулары бейнеленген және «Иық тіресе» деген ұран жазылған.

Жарнамаларда жұртшылықты Ресейдің қиыр шығысындағы Сахалин аймағындағы Ресей әскеріне қосылу мүмкіндігін ұсынатын веб-сайт көрсетілген. Сайт Сахалин облысының адами капиталды дамыту агенттігіне тиесілі, – делінген жазбада.

Ескерту: елімізде Қазақстан азаматтарының шетелдегі әскери қақтығыстарға ақылы түрде баруы заңсыз саналады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ