Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Ұлттық банк Қазақстанда инфляция 5 айдан бері төмендеп жатқанын айтты

Фото: Ұлттық банктің ресми сайты

Қазақстанда инфляция көрсеткіші соңғы бес айдан бері төмендеп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Шілдеде инфляция жылдық мәнде 14,0%-ға төмендеді. Азық-түлік инфляциясы ақпандағы ең жоғарғы 26,2%-дан 13,5%-ға дейін – жылдық мәнде 2 есе баяулады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция мен сервистік инфляция 15,0%-ға және 13,6%-ға бәсеңдеді», — деді Виталий Тутушкин.

Ұлттық банктің базалық (жылдық) мөлшерлемесі – 16,75%. Базалық ставкаға қатысты кезекті шешім 25 тамызда қабылданады.

Еске салайық, Ұлттық банк соңғы рет базалық мөлшерлемені 2023 жылдың 5 шілдесінде бекітті. Бас банктің хабарлауынша, жаһандық инфляцияның қысымы бәсеңдеп, Қазақстанда инфляцияның жылдық және айлық мәні де баяулап келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Как Алматинский горный кластер вовлечет детей в спорт

В международном музыкальном конкурсе “Интервидение” Казахстанец Ернар Садирбаев, известный как популярный исполнитель Әмре, выступит на сцене седьмым.

В Жанакорганском районе в рамках акции «Таза Қазақстан» проведено экологическое мероприятие