Астаналықтар қаланың бас жоспарының жобасын талқылау ісіне қатысуға шақырылады

0
214

Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыру ісіне шақырады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2023 жылғы 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы Ә. Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бұл ретте бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізілетін болады.

Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен халықты кеңінен қамту үшін елорда аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.

2023 жылғы 22 тамыз:

Сағат 17-00 — Сарыарқа ауданы, Ә.Мәмбетова көшесі, 22.

2023 жылғы 23 тамыз:

Сағат 11-00 — Байқоңыр ауданы, М. Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп гимназиясы мекенжайы бойынша;
Сағат 15-00- Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі, 20, № 86 мектеп-гимназиясы.

2023 жылғы 24 тамыз:

Сағат 10-00 — Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
Сағат 15-00 — Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.

25 тамызда Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша «Жастар» сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді.

Басталуы сағат 10.00-де.

Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді мына электронды поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Әкімдіктер су тасқыны салдарын жоюға қанша қаражат бөлді – ТЖМ жауабы


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213