Түркия министрі: «Қазақстан – тек бауырлас емес, стратегиялық әріптесіміз»

0
250
фото: Halyq Uni

2023 жылдың маусым айында Түркия сыртқы істер министрі болып тағайындалған Хакан Фидан ведомство басшысы ретінде алғаш рет Қазақстанға іс-сапармен келіп отыр. Хакан Фидан Астана қаласына ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің шақыруымен келді.

ҚР сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу әріптесін қуанышпен қарсы алды.

Өздеріңіз түсініп отырғандай, бауырымыз келіп отыр, сағынысып көрісіп жатырмыз. Біраз әңгіме қозғадық, көп мәселе талқыладық. Әріптес бауырым Астанаға ат басын тіреп, арнайы келіп отыр. Қуаныштымын. Бұл — оның Астанаға ең алғашқы ресми сапары, — деді Мұрат Нұртілеу.

Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан қос мемлекет арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

«Қазақстан мен Түркия тек бауырлас ел емес, сонымен қатар стратегиялық әріптес болып саналады. Қазақстан өз аймағында маңызды рөл атқарады…

Сондай-ақ бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мені қабылдайды деп ойлаймын», — деді Хакан Фидан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ