Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

БҚО-да көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Фото: otyrar.kz

Батыс Қазақстан облысында көлік апатынан 4 адам көз жұмды, деп облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында «Орал-Кирсанов» тасжолында болған.

«ВАЗ-2112» және Lada Granta бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері және Lada Granta-дағы 2 жолаушы, барлығы 4 адам оқиға орнында жан тапсырған. Lada Granta көлігінде отырған тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды, — деп жазылған хабарламада.

Тіркелген дерек негізінде Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Батыс Қазақстанда көлік апатынан 6 адам қаза тапқан еді. Жүргізуші жолда қалғып кеткен.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент поддерживает курс на Справедливый Казахстан – Коалиция

Презумпции невиновности и и запрет на самообвинения: какие нормы предлагают закрепить в Контитуции

Более 2000 мероприятий пройдут в Казахстане ко Дню домбры