Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяОбщество

Павлодар облысында тағы бір ауылдың атауы қазақшаланады

Фото: pavlodarnews.kz

Құжаттар облыстық ономастика комиссиясына жіберілді

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына қарасты Львовка ауылының атауы өзгереді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Бұрын Верненка ауылдық округі халық арасында Алтай деп аталған. Кейін оның атауы Львовка деп өзгертілген. Енді жергілікті тұрғындар ауылдың бұрынғы атауын қайтарғысы келеді.

Биыл ауыл жиынының шешімі бойынша Львовка ауылын Алтай деп өзгертуді шештік. Барлық қажет құжатты ономастика комиссиясына жібердік. Оң нәтиже шықса, Алтай ауылдық округі және Алтай ауылы деген атау беріледі, – деді Верненка ауылдық округінің әкімі Алтынай Дүйсембаева.

Оның айтуынша, бүгінде ауылда 587 адам тұрады.

Дәурен Ерболат

Сәйкес жаңалықтар

Пять лет трансформации стали новой точкой роста спортивного образования Казахстана: состоялось торжественное открытие Казахского национального университета спорта

Молодые ученые выразили благодарность Президенту за поддержку науки и предоставленное жилье

В центре мирового спорта — Казахстан выиграл право на проведение 7 чемпионатов мира в 2026–2027 годах