БҚО-да қанша ақбөкен атылды: облыс әкімі киік етін жеп көрген бе?
көрнекі фото: zhaikpress.kz
Нариман Төреғалиев киік етін соңғы рет қашан жегетінін айтты
Мен киік етін жеп көрмедім. Алайда бала кезім есімде, яғни Кеңес үкіметі кезінде жеп көрдік. Бригадада жұмыс істедік, 9-сыныпта еңбек еттік.
Сол кезде асханада бізге арнайы киік етін берді. Бала кезімде соны жеп көрдім. Қазір ауланған киік етін жеп көрген жоқпын. Өтірік айтпайын, — деді Нариман Төреғалиев.
2023 жылғы 13 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда жалпы саны 15 380 киік ауланған. Оның ішінде 3 954 киік (Ақмола облысы – 10 киік, Батыс Қазақстан облысы – 3 944) арнайы қоршауға алынып ұсталса, ату арқылы 11 426 киік (Ақмола облысында 1 833, Қарағанды облысында 2049, Қостанай облысында 1 479 және Батыс Қазақстан облысында 6065 бас) ауланды.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі киік еті тек Қазақстанда сатылатынын айтты. Сондай-ақ оның мүйізін Қытайға сату жоспарланып отырғаны белгілі болды.