Алматы облысында үш судья пара алды деген күдікке ілінді

0
184
Фото: видеодан алынған кадр

Кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау мәселесін шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдікке ілінген Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Басқа жағдайда, Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деп айыпталып отыр.

Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған.

Сондай-ақ, Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешім шығарғаны үшін пара алды деп айыпталуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз