48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды

0
312
Фото: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Семей тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол бірнеше жыл бойы өзін «блогер» ретінде таныстырып, Семей арқылы ішкі және халықаралық бағыттар бойынша жүретін жолаушылар пойызының қызметкерлерін масқаралайтын бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалап келген.

Күдікті жолаушы сияқты пойызға отырып, өзінің жеке пайдасы үшін жолаушылар тасымалы саласындағы бұзушылықтарды телефонына түсіріп, ақша бопсалауға пайдаланған.

— Бұл қылмыс ұзақ уақыт бойы полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалды, себебі жәбірленушілер қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына «сигналдар» түсе бастағаннан кейін ғана күдіктінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Қаскөй ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, — деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жолаушылар пойыздарының 60-тан астам қызметкері жәбірленуші ретінде танылды. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша ұсталған адамның банк шоттарына 2021 жылдан бері 48 млн теңгеден астам қаражат түскені анықталды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Оқитын әке – балаға үлгі