Аялдама мен үйдің қаптамасын бұзды: елордада кезекті бұзақылар қолға түсті

0
210

Астанада полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтады. Елордада вандализмнің кез келген жағдайымен күрес жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, 5 желтоқсан күні Алматы ауданының полициясына Нәжімеденов көшесі, 52 мекенжайында жұмысшы үйдің қаптамасын сындырып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында факт расталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды (бөтеннің мүлкін қасақан жою немесе бүлдіру). Ол көп ұзамай ұсталды, болған оқиға бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа берілді.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтады, ол Кемеңгерұлы, 13 мекенжайында жылы аялдаманың ішкі қаптамасына зақым келтірді. Полиция істі қарайды.

2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің 100-ден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті екі мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы іске асып жатыр.

Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Бүгіннен бастап балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұл көлемі өсті


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213