Түркістан облысындағы трассаларға блокбекеттер қойылып жатыр

0
235
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 31 жолаушыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazinform.

Күн райының күрт суытуына байланысты Түркістан облысындағы жолдар жабылуда. Қазіргі кезде «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 601 шақырымындағы Шақпақ ауылының маңы мен 654 шақырымындағы Машат асуында 2 блокбекет орнатылды. Сондай-ақ Бәйдібек ауданы аумағындағы облыстық маңызы бар Шаян-Ағыбет, Шаян-Ақбастау, Шаян-Мыңбұлақ, Шаян-Бірлік-Кеңестөбе автожолдары жабылып, қосымша 4 блокбекет қойылды.

Өңірде тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жол бойында адасып қалған және автокөліктері қарда тұралап қалған жолаушыларға көмектесуде. Мәселен, Республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 635 шақырымындағы Қарашық ауылы маңында 6 жолаушымен Түркістаннан Алматыға шыққан «Toyota Alphard» көлігі және 5 жолаушысы бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Бәйдібек ауданы аумағында жол ортасында тұрып қалған 17 жүргізушіге көмек көрсетіліп, 6 көлік кері қайтарылды.

«Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен 11 желтоқсаннан бастап маңызы бар жолдарда патрульдеу мен ауа-райының құбылуына байланысты жолаушыларға көмек көрсету жұмыстарын тәулік бойы жүргізілуде. Сақшылар тұрғындарға ауа-райының қолайсыз болуына байланысты алыс жолға шықпау керектігін ескертеді» — деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • СҚО-да коронавирустан қайтыс болғандар саны 300-ге жетті