Асхат Аймағамбетов жерасты суын қазір қолданбай, келер ұрпаққа сақтауды ұсынды

0
203
Фото: primeminister.kz

Мәжілісте су ресурстарының басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов жерасты суын қазір қолданбай, келер ұрпаққа сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

«Жерасты суын пайдалану бойынша қандай стратегияларыңыз бар? Жерасты суын ашуға болмайтын қор ретінде ұстауымыз керек деп есептеймін. Оны тек келер ұрпақтың пайдалануына сақтауымыз қажет», — деді Мәжіліс депутат Асхат Аймағамбетов.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, аталған мәселелерді Ұлттық гидрогеология қызметін құру арқылы шешу көзделіп отыр.

«Қазір бұл қызмет түрлі мемлекеттік органдардың құрамында шашыраңқы жұмыс істеп жатыр. Біз соның бәрін біріктіріп, жұмысын жүйелендіреміз. 2024 жылы осы жұмысты бастаймыз деп ойлаймын», — деді министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз