Ленин, Держинский, Маяковский: Өскемендегі «ескерткіштер моласы» (ФОТО)

0
205
фото: Halyq Uni
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін де Ленинге ескерткіш қойған

Өскеменде Ертіс өзенінің сол жағалауындағы саябақ кешенінде советтік дәуір ескерткіштерінің аллеясы бар, деп хабарлады Halyq uni.

Өңірдегі 50-жылдардан бастап ортанылған советтік кезеңнің ескерткіштері бір аллеяға орнатылған. Атап айтқанда, бұл жерде Лениннің бірнеше ескерткіші мен мүсіні бар.

Ең көне ескерткіш 1958 жылы орнатылған екен. Өскемен қаласының Ленин алаңында тұрған. Оны Мәскеу облысындағы Мытыщи көркем құю зауыты орындаған.

Келесі ескерткіш 1960 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының тапсырысымен жасалған, ол аталған комбинат ғимаратының алдында тұрған.

Тағы бір ескерткішті 1961 жылы полиметалл зауытының тапсырысымен Мытыщи көркем құю зауыты құйған. Ол бұған дейін Риддер қаласындағы алаңда тұрған. 2002 жылы тұғырынан алынып тасталды.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін де Ленинге ескерткіш қойған екен. Мәселен, аллеяда оның граниттен жасалған ескерткіші тұр. 1992 жылы Риддер тарихи-өлкетану музейінің тапсырысымен жасалып, соның қорында болған.

Сонымен қатар аллеяда Андрей Ждановтың 1970 жылы граниттен жасалған ескерткіші тұр.

Сондай-ақ Владимир Маяковскийдің цемент пен мәрмәр қиыршықтарынан соғылған ескерткіші бар. 50-60 жылдары жасалып, Жаңа Согра кентінің гүлзарына көрік беріп тұрған дейді.

Феликс Держинксийдің де шойыннан құйылған кеуітін көруге болады. Ол да өткен ғасырдың 50-жылдарында орнатылып, тұғырдан 1982 жылы алынған екен.

Бір кездері Глубокое ауданы Бобровка селосының орталығында Сергей Кировтың бетоннан жасалған ескерткіші болыпты. Ол 1975 жылы үш бөлшекке бөлініп, ауыл сыртына тасталған. Қалпына келтірілген сол мүсін де аллеяда тұр.

Бұдан басқа, аллеяда Лев Толстой, Максим Горькийдің ескерткіштері бар.

Жергілікті халықтың бірі бұл аллеяны жастық шағын еске салатын тарих десе, енді бірі көне ескереткіштердің моласы деп атайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда Лениннің 109 мүсіні мен ескерткіші барын жазған едік. Сондай-ақ оған қатысты 100-ден аса ономастикалық нысан бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • «Міндетті емес». Полиция жүргізушілерге жасалған үндеуді түсіндірді