Биыл декларация тапсырмаған жеке кәсіпкерлерге айыппұл салынады
Жалпыға бірдей декларацияны ұсынбаған жеке тұлғаға алғашында ескерту жасалады. Тағы заңбұзушылық анықталса, 15 АЕК көлемінде, яғни 55 380 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Биылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Бұл жолы жеке кәсіпкерлер, ЖШС басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайына декларация тапсыру міндеттеледі. Олар елдегі және шет мемлекеттегі жылжымайтын мүлкін жария етуге тиіс. 35 миллионға жуық қолма-қол ақша мен құны 3 миллионнан асатын құнды дүниесін де тіркеуі қажет.
Салық маманы, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлардың да жалпыға бірдей декларациялауға жататыны ескертілді. Декларацияны e-salyqazamat, «салық төлеуші кабинеті», «электронды үкімет» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Жеке қағаз түрінде де, электронды түрде де 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы қажет.
Айта кетейік, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылы басталды. Екінші кезеңі 2023 жылы өтіп, оған дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт саласында жұмыс істейтін азаматтар мен мен олардың жұбайы кірді. Енді 2025 жылы қалған санаттағы азаматтар тапсырады.
Егер уақытында декларациясын көрсетпесе, біріншісінде айыппұл төленбейді. Одан босатылады. Бірақ қайталанған жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Декларацияны тапсыру кезінде жеке кабинеті бар салық төлеушінің және де e-salyqazamat қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Сондай-ақ поштамен тапсыруға немесе бізге келсе де болады. Біз бәрін егжей-тегжейлі түсіндіруге дайынбыз, — деді Бостандық ауданы мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Айжан Албаева.