Сенатор шетелдіктер асырап алған қазақ балаларына азаматтық беруді ұсынды

0
169
фото: egemen.kz

12 жылда шетелдіктер 8,8 мың қазақ баласын асырып алған

1999-2011 жылдары елімізде шетелдіктер 8 805 қазақ баласын асырап алған. Бұл туралы сенатор Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттық сауал премьер-министр Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловқа жолданды.

Еліміздің Бас прокуротурасы 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізді. Жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынды. Бұл тексерістің және қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы бізге беймәлім. Мысалы, Оңтүстік Африка, Кения Филиппин,  Мексика, Мальта сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма? Жауап күтетін сауалдар көп, — деді Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, 20 жыл бұрын жат жұрттың жетегіне кеткен жетім балалар есейген.

«Сондықтани бұл тақырып тағы да көтеріліп келеді. Мәселен журналист Жанар Байсемізова жүргізген «Жібек жолы» телеарнасындағы «Шетелдегі қазақ балалар» жобасын тебіренбей көру мүмкін емес. Ата-анасын тапқысы, олар туралы білгісі келетіндер де аз емес. Солардың бірі – Жәнібек. Журналист Олжас Беркінбаевтың айтуынша, Арқалықта 2002 жылы туған баланы (Жәнібекті) 2004 жылы сондағы балалар үйінен бельгиялық Ирина атты әйел асырап алған. Испаниядағы Майорка аралында тұратын Жәнібек 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстанға өзінің биологиялық анасын іздеп келіп, әлеуметтік желіде үндеу жариялады. Ол туған әке-шешемнен түк те керек емес, анамның жүзін бір рет көріп, мауқымды бассам, жүрегім тынышталады дейді. Ол анасын таппаған күйі еліне қайтты. Бұл жайт қоғамда үлен резонанс туғызды, әлеуметтік желіде кең талқыланды.

Журналист Қымбат Досжан зерттеу жүргізді. «Екі күймек – бір жанға» деп Абай айтқандай, ата-анасынан айырылып бір күйген, еркінен тыс шетел асып екі күйген, есейгенде тегін таппай қиналып, үш күйген мұндай тағдырлар қаншама?! — деді сенатор.

Айта кетсек, 2010 жылы Қазақстан шетелдіктер асырап алған балалардың құқығын қорғау үшін Балаларды қорғау және баланы шетелге асырап алуға қатысты конвенцияны ратификациялаған болатын.

«Оқу-ағарту министрлігнің мәліметінше, конвенцияға қол қойғалы бері шетелдіктер 158 баланы асырап алған. Оның ішінде 2013-2019 жылдары 157 бала шетел асса, соңғы 4 жылда 1 бала сыртқа кеткен. Көрсеткіштің күрт төмендегені қуантады.

Конвенцияға қол қойғанға дейін 1999-2011 жылдар аралығында шетелдіктер 8 805 баланы асырап алған. Қазір оның 5 217-сі кәмелеттік жасқа толуына байланысты есептен шығарылды. Кәмелетке толмаған 3 588 бала туралы есеп алынып тұрады. Өкінішке қарай, есеп бермейтіндер де аз емес. Мысалы, Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар жоқ. Сол сияқты, АҚШ-тағы 104 бала, Белгиядағы 113 баланың тағдырын білмейміз. Ең сорақысы, 1999 жылға дейін елімізден қанша жетім баланың шетелге кеткені туралы мәлімет мүлде жоқ. Талай тағдыр талқандалған 90-жылдары безбүйректер сатқандардың жарасы жазылар. Ал баланың наласы мен обалы кімге? — деді депутат.

Дархан Қыдырәлі бұл мәселенің Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен бірге талқылағанын атап өтті.

Осыған байланысты ол өз ұсыныстарын айтты:

  • 1999 жылға дейін шетелге кеткен балалар туралы зерттеу жүргізу;
  • Санда бар, санатта жоқ балалар туралы мәліметтерді, деректерді жаңалау;
  • Шетел асқан балаларды тегінен ажырамас үшін түрлі үйірмелер арқылы қолдау көрсету. Қажет болса, ата-аналарын табуға көмектесу;
  • Олардың ата-аналарын көріп тұруы үшін ведомствааралық келісім жасау, елшіліктер арқылы қолдау;
  • Кәмелет жасына толған балаларға қалаған жағдайда Қазақстан азаматтығын алуға көмектесу. Өйткені олар – біздің қанымыздың бір түйірі, жанымыздың бір бөлшегі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Ертең ауа райы қандай болады?


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213