Электронды темекіге заңмен тосқауыл қойылды – Дәулет Тұрлыханов

0
175
фото:SHUTTERSTOCK

Аталған заң ұлт саулығын қорғауға бағытталған.

Қоғамда дендеп тұрған дерттің бірі – вейп тұтыну. Электронды темекіге, әсіресе жасөспірімдер арасында сұраныс артып келеді. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында осы негізгі норма көзделген заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жолданды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Дәулет Тұрлыханов «Қазақстан балалар қоры» жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесін бөлісіп, мәселенің қаншалықты өткір тұрғанын айтты.

«Онда апта сайын астаналық және алматылық жастардың шамамен 80 пайызы сатып алатыны айтылған. Сұмдық емес пе?! Ал оның құрамында не бар екені белгісіз. Өйткені елімізде оның құрамын зерттейтін лаборатория жоқ. Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020 жылдан бері вейп сатылуы 300 есеге өскен. Енді осыған заң арқылы нақты тосқауыл қойылды», — деді депутат.

Бүгінде пайдасынан зияны көп электрондық темекі, синтетикалық наркотик, бір ішсең қайта-қайта іше бергің келетін энергетикалық сусын секілді зиянды заттар күннен күнге көбейіп барады.

«Солардың бірі – кальян, қорқор түтіні. Бұл да жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп, өскелең ұрпақты аздырып барады. Бүгінде арнайы көңіл көтеретін, тамақтанатын орындарды қойып, жастар көлікке салып алып қорқорлататын жағдайға жетті. Тіпті, жасөспірімдердің өзі топталып кальян шегіп, айналасын көк түтінге көмуде», — деді Дәулет Тұрлыханов.

Сонымен қатар бұл зиянды заттардың құрамы неден тұратыны тағы бір ескертілді.

«Ал кальянның құрамында не бар екені, не қосып жатқаны белгісіз. Оған темекіден бөлек түрлі ароматизатор, масайтатын заттар қосылатыны жасырын емес. Оған гашиш те, арақ та, коньяк та қосуы әбден мүмкін. Оны қадағалап жатқан бір жан жоқ! Соның салдарынан бүгінде отбасымызбен қоғамдық жерге барып тамақ ішу мүмкін болмай қалды. Айналамыз көк түтін, оның заңсыз екенін ескеріп жатқан кәсіпкер жоқ. Бұл – дабыл қағарлық жағдай!» — дейді Дәулет Тұрлыханов.

Айта кетерлігі, кальянды қоғамдық орындарда қолдануға заң жүзінде тыйым бар. Алайда бұл норма орындалмай отыр. Өйткені 3 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.

«Тексерісті тоқтату деген заңды бұзуға болады деген сөз емес қой. Бірақ пайдаға дәндеген кәсіпкерлер мұны пайдаланып қалуға тырысты. Кальян таратушылар тек өздерінің ғана емес, қасындағы адамдардың да денсаулықтарына зиянын тигізуде. Қоғамдық орындарға тынығуға барған адамдар еріксіз көрші үстелде кальян шегушілердің түтінімен тыныстауға мәжбүр. Бұған ескерту жасап, шағым айтсаңыз, көп болса, кальян шегушіге әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынуы мүмкін. Оның көлемі небәрі 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома ғана. Ал осыны ұсынып отырған кәсіпкерге ешнәрсе де болмайды. Өйткені ол заңда көзделмеген»,- дейді депутат.

Сондықтан бұл мәселені де жіті қарап, заңнамалық негізде тоқтау салу талап етілді. Ұлттық экономика министрлігінің аталған мәселеге қатысты әрекеті мен ұстанымына қатысты сын айтылды.

«Әрине, экономиканы дамытқан жақсы, ел қазынасын қампайтатын түсімнің артқаны дұрыс. Бірақ ол халық денсаулығының есебінен болмауы тиіс. Еліміздің басты байлығы – адам. Оның денінің сау, санасының сергек, зиянды әдеттерден аулақ болуы бәрінен маңызды. Сондықтан, қоғамды кальяннан арылтып, оған мүлдем тыйым салу қажет деп есептеймін», — деді Дәулет Тұрлыханов.

Вейпинг артериялық қысымның артуына ықпал етеді, миокард пен инсульттің даму қаупін арттырады. Темекенің осы түрін қолдануға әлемнің 35 елінде қатаң тыйым салынған. Электронды темекідегі никотин жас баланың миына 8 секундта әсер етіп, оның тамырын тарылтып, жүрегіне ауыртпалық түсіреді. Сондай-ақ елімізде ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады. 11-15 жастағы жасөспірімдердің вейптерді тұрақты түрде шегуі — 10%-ды, энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі -17,5%-ды, артық дене салмағының таралуы 15%-ды құрайды.

Темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді.

Атап өтілген мәселелерді ескере отырып, келесі шараларды қолға алу ұсынылды:

– Бірінші. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі бірлесе отырып, барша көңіл көтеру орындарына рейд ұйымдастырып, кальянның елге кіруіне, оның тұтынылу заңдылығына тексеру жүргізуі қажет.

– Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі қолданылып жүрген кальянның құрамына, шығаратын түтініне сараптама жасап, оның адам денсаулығына тигізетін зияны бойынша қорытынды әзірлеуі тиіс.

– Үшінші. ҚР Үкіметі елімізде кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды және оны бұзғандарға едәуір жауапкершілік тағайындауды көздейтін заң жобасын әзірлеуі қажет.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Президент «Бәйтерек» холдингінің басшысына бірқатар міндет жүктеді