«Синтетикалық есірткі таратқан» — ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

0
182
Фото: Нұржан Жакупов, «Наркостоп» жобасы
Былтыр 40-тан аса бала ұсталған

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшының орынбасары Бақытжан Әмірханов Қазақстанда синтетикалық есірткі тарататын балалардың саны өсіп жатқанын айтып, ата-аналарға ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай деректердің саны азаяр емес.

Былтыр ғана синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 40-тан аса кәмелетке толмаған бала ұсталды. Алайда биыл қаңтардың өзінде 4 кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды. Мысалы, кеше жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ақтөбе қаласында орта мектептің 9-сынып оқушысы ұсталды. Тінту жүргізу кезінде кеудешесінің қалтасында жалпы көлемі 48 түйіншек (синтетикалық есірткі) табылды, — деді басшының орынбасары ІІМ-де өткен брифингте.

Бақытжан Әмірханов ата-аналарға ескерту жасап, сақ болуға шақырды.

Заңда есірткі өткізгені үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік бар. Мұндай әрекетке барғандарға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Мұндай шешімді қабылдау бәрінен бұрын осы балалардың ата-аналары, олардың туысқандары тарапынан қоғамдық резонанс туғызатыны айтпаса да түсінікті… Бірақ ата-аналар, мұғалімдер және қалғандары есірткі таратумен айналысатын тұлғалар жеңіл жолмен ақша табу үшін ауыр және аса ауыр қылмысқа қасақана баратынын түсінуі керек, — деді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз