Криптовалютаға инвестиция салмақ болған әйел 7 миллион теңгесінен айырылды

0
174
фото:ашықдереккөз
Көкшетауда әлеуметтік мессенджер хабарламасына сенген әйел 7 миллион теңгесінен айырылып қалды. «Табысы кепілдендірілген» криптовалютаға инвестиция салмақ болған әйел алаяқтардың құрбанына айналған, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Әйел инвестициялау арқылы табыс табу туралы хабарландыруға өткен жылдың қарашасында Telegram хабарламасы арқылы тап болыпты.

– Көкшетау қаласының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды. Әйелге қаражатын «Табысы кепілдендірілген» криптовалютаға инвестиция салуға көндірген болып шықты. Жәбірленушінің көрсетімі бойынша 2023 жылдың 4 қарашасынан 23 қарашасына дейін белгісіз біреу оның 7 миллион 280 мың теңге қаражатын қағып алған, –  деді Ақмола облысы Полиция департаметінен.

Қазір аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілердің бірін анықтады. Ол жәбірленушінің ақшасын үшінші тұлғаға аударып отырған 2004 жылы туған Тараз азаматы болып шықты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері негізгі күдікті тұлғаны анықтау шараларын жүргізуде.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213