Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяЭкономика

Автокөлік экспорттаудан Қытай 1-орынға шықты

фото: japan-pro-auto.ru
Былтыр сыртқа 4,91 миллион дана көлік шығарған

Қытай автоөндірушілері қауымдастығының мәліметінше, 2023 жылы ол елдің автокөлік экспорты тұңғыш рет Жапонияны басып озып, әлемде 1-орынға шыққан. Бұл туралы Қытайдың «Жэньминь жибао» порталы мәлім етті.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, биыл 31 қаңтарда Жапонияның автоөндірушілері қауымдастығы 2023 жылы жапондық автокөлік экспорты туралы деректерді жариялаған. Соған сүйенсек, 2023 жылы жапондық автокөлік экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.

Бұған дейін Қытай автокөлік өндірушілері қауымдастығының деректері өздерінің автокөлік экспорты 2023 жылы 4,91 миллион дана болғанын көрсеткен. Бұл Қытай автокөлік экспортында алғаш рет Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды дегенді білдіреді, — деп жазды «Жэньминь жибао».

Сәйкес жаңалықтар

МВД: За порчу природных и исторических объектов предусмотрена уголовная ответственность

zd_admin

1 қарашада магистратураға құжат қабылдау басталады

zamandas69@mail.ru

Казахстанский паспорт обогнал всех соседей по региону в рейтинге Henley 2026