Блогер сотта ақталып шықты

0
724
фото: Halyq Uni

Қыз зорлады деген айыппен 5 жылға сотталған блогер Думан Ерқанат ақталып шықты. Алайда жәбірленуші шешіммен келіспей, Жоғарғы сотқа шағымданғалы отыр. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Айта кетсек, 2023 жылы 13 қыркүйекте қаржылық сауаттылыққа үйрететін блогер қызды зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда ол шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған.

Биыл 23 қаңтарда сот алқасы Думан Ерқанатты кінәсіз деп танып, ақтады. Сот алқасының құрамында Е. Дәулиев, С. Сәкенов және Б. Бұрымқұлов болған. Жәбірленуші бұл шешімді негізсіз деп санайды және әділдікті талап етеді. Қыздың айтуынша, сот алқасы оның дәлелдерін елемей, сот этикасын бұзып, оған қысым көрсеткен және намысына тиген.

Олар бірінші сатыдағы сотта блогердің өз кінәсін мойындап, өкінгенін ескерген жоқ. Тіпті мені сотта «тәжірибелі әйел» деп  қорлап, қолданыстағы қорғану құқығымды бұзды. «Неге зорламақ болған кезде қарсыласып, оны ұрып, тырнамадың?» деп сұрақтың астына алды. Бірақ мен 45 келі ғанамын, оған қалай қарсы тұрамын?! Әлде судьялар құрбандардың барлығы бірдей әрекет етуі керек деп есептей ме? – деді қыз.

Сондай-ақ ол сотқа дейінгі процесте блогердің Қырғызстанға қашып кетпек болғаны да еленбегеніне наразы. Айтуынша, судья ол әрекеттің іске еш қатысы жоқ екенін айтқан.

Сот алқасы қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлемегенім үшін мені сынның астына алды. Аудармашыны қажет етсем де өтінішімді елемеді, тек өздері орысша айтып тұрды. Бұған сотталушының адвокаты әсер етсе керек. Себебі ол өзі бұрын сот жүйесінде жұмыс істегендіктен, судьялармен жақсы қарым-қатынаста. Артынан Думан Ерқанат жазадан сытылып, осы ісін жалғастырса, маған қайтадан шабуыл жасаса, бұған кім жауап береді? Бұрынғы әдетіне қайта салып, басқа қызға тиіссе ше? – деді ол.

Апелляциялық сот үкімі бойынша Думан Ерқанатты бірінші сатыдағы сот өз кінәсін мойындағаны үшін соттап жіберген. Алайда қыздың зорланғаны туралы айғақ жеткіліксіз деп таныпты. Мұндай шешімге не әсер еткенін сот алқасы өзінше түсіндірген.

Ол зорлану барысында айқын қарсылық көрсетпеген. Себебі Д. Ерқанаттан дене жарақаттары анықталмады. Заттай дәлелдемелерді зерттеу хаттамасы бойынша оның киімі жыртылмаған. Думан Ерқанатқа қатысты Бостандық аудандық №2 аудандық сотының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі үкімі жойылсын, іс бойынша жаңадан ақтау үкімі қабылдансын. Думан Ерқанатқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылсын, дереу қамаудан босатылсын, – делінген сот үкімінде.

Бұған дейін соттың бірінші инстанциясы бойынша блогер қызды зорлағаны үшін сотталып, жәбірленушіге талап арызы үшін 3 миллион 117 мың теңге төлеуге міндеттелген және 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қыз апелляция барысында шешімге біреулер әсер етіп кетеді деп қорыққан да көрінеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213