Жастар жалақысы көп жұмыс іздеп Ресейге кетіп жатыр – СҚО әкімі

0
173
көрнекі фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 10 жылда халық саны 45 800 адамға азайған. Осы аралықтағы көші-қон сальдосы – 54 500 адам, оның ішінде сыртқы көші-қон сальдосы – 23 800 адам. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты.

Әкімнің сөзінше, облыстағы сыртқы көші-қонның 70%-ы Ресейге тиесілі.

Бұл заңды процесс. Өйткені біз солтүстіктегі көршіміздің 3 облысымен шектесеміз. Ол жаққа негізінен жастар жалақысы жоғары жұмыс пен қолайлы әлеуметтік жағдай іздеп кетеді. Бұл жағдайда біз демографиялық өсімге әсер ететін болашақ отбасы мүшелерінен айрыламыз, — дейді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Айта кету керек, ресми статистика бойынша соңғы жылдары солтүстік облыстарда халық санының азаюы байқалады. Соның ішінде ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мәліметінше, Қазақстаннан жыл сайын жастар ғана емес, сонымен қатар орта буын өкілдері де кетуді жоспарлап жүр. Соңғы 10 жылда елден төрт мыңға жуық адам кеткен: жоғары білімі бар мамандар – 38%, кәсіби білімі бар мамандар – 34%.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмінің прокаттан не себепті алынғаны түсіндірілді