Сенат депутаты ауылды дамыту бағдарламасын сынға алды

0
195
Фото: gov.kz

БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай урбанизация 70 пайызға жетуі мүмкін. Қазақстандағы қала халқының үлесі де өсіп келеді. Сенатор Жанболат Жөргенбаев өзінің депутаттық сауалында ауылда өмір сүруге арналған кешенді жағдай жасау қажет екенін айтты.

Депутат еңбек нарығы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан өңірлер де, мегаполистер де қазір мұндай көші-қонға дайын емес екенін айтты. Ж.Жөргенбаев ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру негізінде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп санайды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен 524 млрд теңге бөлініп, 1,5 мыңнан аса ауылды елді мекенде 5 мыңнан астам жоба іске асырылды. Дегенмен оның нәтижесі көңіл көншітпей отыр», — деді депутат Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына жолдаған сауалында.

Сенатордың пікірінше, Үкімет қазір ауылдарға жағдай жасап, ауыл шаруашылығына ғана емес, ауыл тұрғындарының мәдени өміріне, денсаулық сақтау жүйесі мен инфрақұрылымға да назар аударуы тиіс.

«Шекара маңындағы ауылдардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бөлек бюджеттік бағдарлама ашу керек. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада белгіленген ауылдық үстемақыдан тыс мемлекеттік шекараға 50 км жақын орналасқан ауыл қызметкерлері үшін лауазымдық жалақыға 50 пайызға дейінгі мөлшерде үстемақы белгілеу мүмкіндігін қарастыру керек», — деді депутат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Ақтөбеде Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру мәселелері қаралды