Қасым-Жомарт Тоқаев Aiqyn және «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады
Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы-Президент кеңесшісі Берік Уәли хабарлады.
— Отандық ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алған, бүгінде қазақстандық журналистиканың шеберлік мектептеріне айналған, егіз қозыдай AIQYN және «Литер» газеттерінің оқырманмен қауышқанына 20 жыл толыпты. Қос басылым осы уақыт аралығында замананың үніне, қоғамның айнасына айналды. Тақырыпты тарқатып жазар талдауларымен, салмақты сараптамаларымен, сүйекті сұхбаттарымен танылды. Бүгінде AIQYN мен «Литер» — еліміздегі көшбасшы газеттердің бірі һәм бірегейі. Мерейтойға орай қос басылымды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, газеттердің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Aiqyn мен «Литер» алдағы уақытта да ел дамуына елеулі үлес қоса береді деп сенеміз, — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.