Бүгін – үш бірдей Олимпиада чемпионы туған күн

0
147
Коллаж: kfb.kz/olympic.kz/photosota.club

 — Cәуір айы – қазақ спортшылары үшін чемпиондар айы. Олай дейтінімізі осы айда, нақтырақ айтсақ, 4 сәуір – қазақ спорт тарихында  үш бірдей Олимпиада чемпионының туған күні.

Василий Жиров

1974 жылы 4 сәуірде Балқаш қаласында дүниеге келген. Кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы, ,окспен 12 жасынан бастап айналыса бастаған. Алғашқы бапкері – В.И. Апачинский.

Ол 1996, Атланта, АҚШ-та өткен Олимпиада ойындарының чемпионы. Сонымен қатар Олимпия ойындарында ең үздік боксшыға берілетін В.Баркер кубогінің иегері. 1997 жылдан бастап толығымен кәсіпқой боксқа ауысты. Жиров ІBF версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2000). «Парасат» орденімен марапатталған (1996). Бір кездері Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері атанған спортшы, кәсіпқой бокста «Балқаштың барысы» деген атпен кеңінен танылды.

Бекзат Саттарханов

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы — Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.

Бекзат Саттарханов – Сидней Олимпиадасының чемпионы. Ол олимпиаданың финалында әлем чемпионы, тәжірибелі АҚШ бокшысы Рикарду Хуареспен жұдырықтасты. Нәтижесінде Бекзат қарсыласын 22-14 есебімен жеңіп, 20 жасында Олимпиада чемпионы атанады.

Саттарханов 1995 жылы бокстан жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңіске жетіп, бапкерлердің көзіне түседі.

1996 жылы Қостанайда өткен бокстан жастар арасындағы жарыста Қазақстан чемпионы атанады. Кейін Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, Шымкент қаласындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды.

1997 жылы Қарағанды және Кельн (Германия) қалаларында өткен халықаралық турнирде жеңіске жетеді. Сол жылы Шымкенттегі олимпиадаға даярлау орталығына қабылданады.

1998 жылы бокстан Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болады. Кейін Қостанай қаласындағы жарыста 54 келі салмақта сынға түсіп, Марат Мәзімбаевтан жеңіліп қалды. Бұған қарамастан, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданады.

1999 жылы Венгрия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде жеңіске жетіп, Ташкенттегі Азия біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Нәтижесінде Сидней олимпиадасына жолдама алады.

Жалпы Бекзат әуесқой бокста 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.

Өкінішке қарай, 2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза тапты.

Дмитрий Баландин

1995 жылы 4 сәуір күні Алматыда дүниеге келген. Ол Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метрге брасспен жүзуден Қазақстанға тұңғыш алтын медаль сыйлаған спортшы.

Суда жүзу спортымен 2003 жылы 8 жасынан бастап айналыса бастаған. 2008-2012 жылдары Алматыдағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында оқыған.

Ол сонымен қатар 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзуден Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы.

2015 жылы Кванджуда (Корея) өткен жазғы Универсиада ойындарында дистанциясы 100 метр браспен алтын, ал дистанциясы 50 метр браспен қола медальға ие болған.

2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіске жеткені үшін, Дмитрий Баландин II дәрежелі Барыс орденімен марапатталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Мемлекет мүддесін қорғау бойынша шаралар қабылданды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213