— Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алдағы жылы бірінші дивизионның В тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.
7 сәуірден бастап Андорра мемлекетінде екінші дивизионның А тобында ойындар өткізілді. Қазақстандық хоккейшілер Бельгия, Мексика, Тайвань және Исландиямен жалғыз жолдаманы сарапқа салды.
Алғашқы төрт турда ел құрамасы Бельгияны 9:2, Мексиканы 4:2, Тайваньды 3:0, Исландияны 7:2 есебімен тізе бүктірді.
Шешуші ойын Қазақстан және Испания құрамалары арасында өтті. Екі құрама да бұған дейін бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген еді.
Бұл ойында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.
Қазақстан — Испания — 5:3 (1:1, 1:2, 3:0)
0:1 — 09:58 — Хименес (Фернандес, Муньос)
1:1 — 10:06 — Свиридова (Алдабергенова)
1:2 — 27:48 — Хименес (Муньос, Фернандес)
2:2 — 33:48 — Оразбаева
2:3 — 39:48 — Муньос (Охаре)
3:3 — 41:41 — Оразбаева (Саяхатқызы М.)
4:3 — 59:22 — Шегай
5:3 — 59:46 — Әшімова
