Аида Балаева: Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өміріне қатер төнген жағдайда ғана араласады

0
171
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

 — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған Заңдарына қатысты бейне үндеу жасады.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақашасында заңның маңызды тұстарына тоқтала келе, балаларды отбасынан ажырату туралы бірде-бір норма жоқ екенін баса айтты.

«Осыған қатысты алып-қашпа әңгіменің бәрі жалған», — деді Аида Балаева бейне үндеуінде.

Оның айтуынша, мемлекеттің бұл бағыттағы саясаты — отбасын сақтап қалу, баланың отбасында өсуін қамтамассыз ету.

«Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда ғана араласып, бала құқығын қорғайды. Ана мен бала олардың адми құқығы баршамыз үшін ең маңызды басымдық болуы шарт», — деді министр.

Еске сала кетейік, бүгін Президент әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ