Бетперделі жігіт тасқыннан зардап шеккендерге 1 млн доллар жібермек (ВИДЕО)

0
137
Фото: видеодан кадр

Бетперделі жігіт елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн доллар, яғни теңгеге шаққанда 450 млн теңге жібереді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Ол бұл қаражатты оқырмандарымен бірігіп жинайтынын жеткізді.

Біз қалың қар ерігеннен кейін ең ірі көктемгі су тасқынына тап болдық. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апат Қазақстанмен көршілес Ресейдің Орынбор облысында да болды. Қазір су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Біз сіздермен бірге зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлеміз. Еріктілерге, құтқарушыларға, апатқа бейжай қарамайтын азаматтарға және басқа елдерден көмекке келген азаматтарға алғыс айтамыз. Бұл қиындықты бірге жеңеміз. Одан да мықты бола түсеміз, – деді бетперделі жігіт.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік бөлігінде су тасқыны қаупі сақталады. Ал соңғы ақпаратқа қарағанда, су тасқынынан 113 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның шамамен 40 мыңы – бала.

13 543 адам үйіне оралды. 7 мың 14 адам, оның ішінде 3 144 бала эвакуациялау пунктеріне орналастырылды. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала құтқарылды. 107 613 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 3 570 тұрғын үй мен 2 195 ауладан судың бағыты бұрылды.

Қазір Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 708 тұрғын үй, 1 609 аула мен 2 035 саяжай су астында қалып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ