Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Париж Олимпиадасының алауы ресми түрде тұтанды

Фото: Alkis Konstantinidis / Reuters

 – Грекияның Олимпия қаласында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды.

Салтанатты шараға Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, Париж мэрі Анн Идальго және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Алғашқы эстафеталық алауды ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускос алды. Айта кетейік, алауды барлығы 600-ден астам адам алып жүреді.

Грекиядан бастау алған эстафета 8 мамырда Францияның Марсель қаласына жеткізіледі. Эстафета барысында Ласко үңгірі, Алезиядағы археологиялық қазбалар, ортағасырлық Каркасонна қаласы, Версаль сарайы және басқа да тарихи-мәдени әрі көрікті жерлер қамтылмақ.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде Парижде өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

Гольф в городе: как клуб «Birdie» меняет формат отдыха в Алматы

zamandas69@mail.ru

Международный турнир PGL Astana 2026 стартовал в столице

Первый командный чемпионат мира FIDE среди университетов стартовал в Алматы