Мас жүргізушілердің кесірінен жыл сайын 100 адам көз жұмады – ІІМ

0
200
фото: Halyq Uni

Жыл сайын Қазақстанда мас жүргізушілердің кесірінен 100 адам көз жұмады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты,

Ол мас жүргізушілердің жазасы жеңілдемейтінін атап өтті.

Жыл сайын елімізде мас жүргізушілердің кесірінен шамамен 500 көлік апаты тіркеледі. Салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, 600 адам түрлі дене жарақатын алады. 6 жылда, яғни 2018-2023 жылдары көлікті мас күйде жүргізудің 148 мың дерегі тіркелді. Былтыр осындай 22 мың дерек анықталды. Меніңше, бұл шара (мас жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айыру) керек және ол орынды. Оны қарастырудың қажеті жоқ, — деді Игорь Лепеха Мәжілістің жалпы отырысында.

Ішкі істер министрінің орынбасары елімізде көлік апаты азаймай отырғанын атап өтті.

«Біріншіден, егер адам рөлде ішпесе, оған заңда қандай санкция қарастырылғаны маңызды емес.

Екіншіден, біз көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді айтып отырмыз. (Жазаны жеңілдету мәселесінде) мас жүргізушіледің кесірінен жақындарынан айырылған отбасылардың да пікірін ескеру керек.

Үшіншіден, біз де талдау жүргіземіз. Мұндай адамдар көп емес. Бұл мәселені белгілі бір топ көтереді. Меніңше, бұл шара (мас жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айыру) керек. Кейбір елде мұндай адамдардан көлігін тәркілеп алады. Бізде мұндай ұсыныс қолдау таппады. Сондықтан жазаны жеңілдету орынсыз деп санаймын. Себебі мас жүргізушілердің кесірінен болатын көлік апаты азаймай отыр. 22 мың көлік апаты.

Негізінен деректер бұдан да көп. Бүгінде көлікті тоқтату ережесі күшейген. Егер жүргізуші жол ережесін бұзбаса, біз оны тоқтата алмаймыз. Басқа елдердегі сияқты арнайы рейд жүрсізсек, бұл дерек жоғары болады, — деді ол.

Жалпы, Қазақстанда көлік апатынан жыл сайын шамамен 2 мың адам қаза табады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз