Су тасқынынан зардап шеккен 11 мың отбасыға 370 мың теңгеден төленді – Үкімет

0
185
көрнекі фото: Halyq Uni

Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен 11 мың отбасыға шамамен 370 мың теңгеден төленді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты,

Үкімет басшысы су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын жеткізді.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады.

Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Проблемалардың бәрі жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылдануда, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталғанын атап өтті.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым.

Қазір 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 АЕК (553 800 теңге) төлейміз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», — деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккендердің ешбірі көмексіз қалмайтынын жеткізді.

Кәсіпкерлердің шығындары өтеледі. Азаматтарға айтатыным, сабыр сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін, — деді Олжас Бектенов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ