Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі бекітілді

0
190
Фото: wikimedia

 – 1 мамырдан бастап ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулары қолданысқа енеді.

«ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған», — делінген хабарламада.

Аталмыш өзгерістің негізгі жаңалығы:

1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.

Жол белгісі
Фото: Pexels

2. Жаңа жол белгілерін енгізу:

— Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;

жол белгісі
Фото: wikipedia.org

— «Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;

жол белгісі
Фото: wikimedia

— «Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу»;

жол белгісі
Фото: Kazinform

— «Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы».

белгі
Фото: Kazinform

Мүгедектігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін жол инфрақұрылымының қолжетімділігі көзделгенін ерекше атап өткім келеді.

Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген және өз тиімділігін көрсетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ