Рекордтық көрсеткіш: Алматы экономикасы 10,1 пайызға өсті

0
165
Фото: Алматы әкімдігі

 – Алматыда барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқан. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылы қала экономикасы 10,1 пайызға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

«Экономиканы дамытудың драйверлері: өңдеу өнеркәсібі 17,5% -ға сауда 14,5 пайызға, қаржы және сақтандыру қызметі 12,0%, ақпарат және байланыс (11,3% жылжымайтын мүлікпен операциялар 6,9% көлік және қоймалау 5,7% пайызға өсті», — деп хабарлады әкімдіктен.

Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді. 2023 жылы Алматы қаласына 1,8 трлн негізгі капиталға салынған инвестиция 25,3% өсті, бұл ретте жеке инвестиция 35,5 пайызға артты.

Былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнім шығарды. Белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлік, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2% -ға артық.

«Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін 2022 жылғы 5,0%-дан 2023 жылы 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, Алматы қаласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ға дейін өсті», — деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Атакент» көрме кешенінің павильоны өртенгенін жазған едік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз