Әйелін ұрды деп айыпталған қазақстандық дипломатқа қылмыстық іс қозғалды

0
130
Фото: t.me/yyedilov

 – Бұған дейін Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсететіні, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы ақпарат тараған еді.

Астана қаласының полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді» делінген ресми мәліметте.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келе жатқанын мәлімдеген болатын.

«Маған физикалық, жыныстық, эмоционалдық, тұрмыстық зорлық көрсетті. Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырып, түрмеге жабылғанын қалаймын», — деген еді ол.

ҚР Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті.

Карина Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Браконьерге тосқауыл болмай тұр