Алматы облысында колония басшысы қамауға алынды

0
141
фото: tass.ru

Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде тексеріс жүргізіп, өрескел бұзушылықтарды анықтады

Сотталғандар ұялы телефондарды пайдалану арқылы онлайн сатып алу жасап, несиелер рәсімдеп, кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Ондағы қаражаттың жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асады.

Бұған қоса, №10 мекеменің сотталғандары мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан.

Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің 3 қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚР ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. №57 мекеменің бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ