Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарады

0
150
Фото: Энергетика министрлігі

 «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін басқарма төрағасының міндетін атқару жүктелген. Сондай-ақ қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған.

2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды.

Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз