Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяҚоғам

Су тасқыны: Тоқаев премьер-министрге бірқатар тапсырма берді

фото: ТЖМ

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновтің су тасқыны салдарын жою жөніндегі есебін тыңдады,

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пунктердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады.

Тоқаев бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді, – деді Ақорда.

Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ, туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс. Сонымен қатар, Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.

Атырау қаласында Жайық суының деңгейі әлі көтеріліп тұр. Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Причина отравления пока неизвестна – Минздрав о ЧП с детьми в Карагандинской области

Казахстан стал ключевым инвестиционным центром Центральной Азии — отчет ООН

zd_admin

БОЛЕЕ 20 ТЫСЯЧ ПАЦИЕНТОВ ЕЖЕГОДНО СМОГУТ ЛЕЧИТЬСЯ В МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЕ В КОКШЕТАУ

zd_admin