Алматы облысында 40 шақты турист мінген автобус апатқа ұшырады

0
117
Фото: Алматы облысы әкімдігі

 – Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Зардап шеккендер бар.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 27 мамыр сағат 10:20-да Кеген және Еңбекшіқазақ ауданының шекаралас аумағында болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, автобус ҚазАвтоЖол желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 турист болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді»,-деп хабарлады әкімдіктен.

Қаза тапқан ешкім жоқ.

«Жол апатының себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында»,- деп атап өтті әкімдіктен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ