«Қорланды» шырқаған Естайдың туғанына 150 жыл толды

0
150
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Ақын, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі Естай Беркімбайұлының туғанына — 150 жыл.

Ақын жастайынан Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайды тыңдап өсіп, Балуан Шолақ, Сәтмағанбет, Шашубай сынды әнші-ақындармен бірге ән салып, халыққа танымал болды.

Естай Беркімбайұлы ақындық, орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде танымал болған. Оның әндері сал-серілер дәстүрін ілгері дамытты.

Композитордың алғашқы туындысы — «Шолпан қаққан» әні. Оның «Жайқоңыр», «Назқоңыр», «Майда қоңыр», «Қорлан», «Сандуғаш», «Юран-ай», «Бір мысқал», «Ашу — пышақ», «Дүние-ай», «Еркем», «Гүлнарайым», «Қоштасу», «Қаламқас», «Ғашық», «Қаракөз» әндері — қазақ музыкасының алтын қорына енді.

Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ даласына мәшһүр еткен әні — «Қорлан». Бұл әнді композиторлар М.Төлебаев «Біржан — Сара», Е.Брусиловский «Ер Торғын» операларында пайдаланған.

Атақты музыка зерттеушісі А. Затаевич Естай Беркімбайұлы әндерін тұңғыш рет нотаға түсірген. Ал А.Жұбанов пен Б.Ерзакович Естай Беркімбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды.

Қазақ музыка өнерін жыр-жауһарларымен байытқан бірегей тұлғаға Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз