Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

 –  Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті.

Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты.

Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.

Сәйкес жаңалықтар

Первый командный чемпионат мира FIDE среди университетов стартовал в Алматы

Рыбакина прошла в третий круг турнира Miami Open

Рыбакина назвала причину поражения в 1/4 финала Уимблдона