Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті
Қайғылы жағдай 11 шілде күні Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында болған. 13 жастағы екі қыз бен 12 жастағы қыз Жайыққа суға шомылуға кетіп, қайтып оралмады. Бұл туралы “Орал апталығы” порталы жариялады.
Қыздардың денесі 12 шілде күні таңертең табылды.
“Мерген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері үш қыздың қайтыс болғанын растады”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Шомылу маусымы басталғалы облыста 6 бала суға кетті.