Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЭкономикаҚоғам

Газбен қамтуға қатысты арыз-шағым көп – Олжас Бектенов

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 – Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықты газбен қамтуда сапалы қызмет көрсету қажеттігін баса айтты.

«Үкіметке азаматтардан газбен жабдықтау мәселесіне қатысты көптеген арыз-шағым келіп түсіп жатыр. Тиісті мекемелер бірінші кезекте, халыққа сапалы қызмет көрсетуге жұмылдырылуы қажет. Туындаған проблемаларды дереу шешу керек. Алматы өңірінің газға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің жобасы іске асырылып жатыр», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-Министр газ құбырының қорғау аймағында жекеменшік құрылыстардың болуына байланысты жерлерді алу қажеттігі туындап отырғанын айтты.

«Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктеріне бұл жұмысты жедел жүргізуді тапсырамын», — дейді О.Бектенов.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағандыда беліне арқан байлап секірмек болған әйел мерт болды

zamandas69@mail.ru

Расширяется география Исламской организации по продовольственной безопасности

Тенге сдал позиции в марте: насколько и почему